© Б. Ж. Темір, 2025
ISBN 978-5-0067-5770-7
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Құдайға бойұсыну
Алғы сөз
Алланың қалауымен бұл шағын кітапшада мен өз өмірімде болған оқиғаларды жəне өзімнің ой толғауларымды жеткізуге тырыстым. Бəлкім бұл біреуге тура жол табуға себепші болар – деген ой. Әлбетте əр адам жүрегімен Құдайға бет бұрса жəне Құдайға бойұсынса, Жаратушы оны тура жолға салады деп ойлаймын. Бəлкім бұл кітапшада жазған менің ойларым дұрыс емес шығар, алайда өз ойымды жазуға, не айтуға құқым бар деп ойлаймын. Жəне оқырманға мені қатты сынға алмауға шақырамын. Баспаға шығама, шықпайма ол бір Алланың қалауымен. Осы жазғанымды оқыған адамға өзгеге жеткізу менің аманатым болсын!
Темір Б. Ж.
Бет бұру
Бүгін күн ашық шырайлы. Өз ойымды осы парақ- шаға жазуды ұйғардым. Бұрын Құдай, дін туралы аса ой қозғамайтынмын. Күндердің бір күні Құдай маған ұл сыйлады. Алайда ұлым Серік туғанда қиындықтар болды. Дәрігерлер балам кеш сөйлеуі мүмкін деді. Мектепке кеш баруы мүмкін еді. Өз балан ауырса өте қиын екен. Телевизорда көрген бір кино есіме түсті. Шынайы өмірден алған. Онда бір Америка еліндегі полицей қы- зметкерінің қызы ауытқумен ауратын және дәрігерлер қызына аз өмір сүру қалды деп диагноз айтады. Əлгі по- лицей қатты қиналады, жұмыста да өз жұмысын дұрыс атқара алмаған соң, кейін оған бастығы демалыс береді. Олда телевизор қарап отырғанда бір христиандық мешіт туралы ақпарат көреді. Онда дұға етіп жалбарынып, Құдайдан сұраса дұғасы қабыл болады екен. Сонда әлгі полицей шешім қабылдайды. «Жеті күнде сол мешітке жүгіріп барып дұға етемін, қызым тағы бес жыл өмір сүрсін деп.» Ол мешіт оның үйінен 300 милде еді. Қаншалықты қиын болсада ол сол мешітке жүгіріп барып, дұға етеді. Дұғасы қабыл болып, қызы тағы бес жыл өмір сүреді. Алланың қалауымен осы есіме түсті. Сол күндері Рамазан айы таяп қалған еді. Менде 30 күн ораза ұстамақ болдым. Құдай менің де дұғамды қабыл етер деп. Аллаға шүкір. Балам осы күні мектепке барып үшінші сыныпқа көшті. Біз қай дінді ұстансақта Жара- тушы жүректегі мұнды біледі. Əрі Өзіне бет бұрғанды және сенгенді тура жолға салушы. Осы күні бізде қате тұжырым бар, менің дінім дұрыс, өзгенікі діні қате деген. Алайда мен- деген сөз адасуға апарады.
Жалған ақпарат
Бұл күнде интернеттік жүйе дамыған заман. Бір талай ақпараттар көз алдымызда өтіп жатыр. Ол ақпараттың ішінде ақиқаты да бар, жалғаны да бар. Жалған ақпарат көбіне бірнеше мақсатпен таратылады. Ол баяғы за- маннаң қолданып келе жатқан айла тәсіл. Елге дұшпан адамдар халық арасына жалған ақпарат таратып, оның үрейін қашырады, бір елдің адамдарын бір-біріңе ай- дап салады немесе өзге елмен жауластырады және т.б. құйтырқы әрекеттер жасайды. Бұл не үшін жасалады десеңіз, өз ішінде жауласып, бүліктен көз ашпайтын, өз- ге елмен жауласқан ел күндердің бір күні әлсіреп құл- дырайды. Сол кезде ол елді басып алуға оңай болады. Мұндай құйтырқы әрекеттер осы күні жалғасын табуда. Негізгі мақсат елдің қазыналарына мұнай, газ, түрлі-түсті металдар т.б. байлықтарына қол жеткізу. Бұл мақсатта барлық құйтырқы амалдар пайдалану мүмкін. Дүние үшін бәрін пайдаланады ақпаратты, экономиканы, по- литиканы, дінді және т.б. амалдар іске асыру мүмкін. Жаратушы бізді қандай да бір ақпаратқа тап болсақ, оны тексеріп алуға шақырады. Сондықтан қандай бір ақпаратқа тап болсақ, бірден әрекетке көшпей оны тек- серген жөн.
Жаман ой
Жаратушы жаман ой шайтаннан екенін ашып айта- ды. Ал жақсы ой Жаратушыдан. Шайтаннан келетін жа- ман ой ол бір вирус сияқты. Егерде біз оны қабыл етсек, ол бүкіл сананы жаулап алады. Сол себепті көп адам жаман ойға беріліп, жаман істерге барады. Оның ішін- де кісі өлтіру, зорлау, ұрып соғу, ұрлау, өзіне қол жұм- сау т.б.,кейін істеген соң, есін жыйя бастайды. «Мен не істедім» – деп істеген ісіне кейін өкіне бастайды. Бәлкім осы сәтте қас дұшпан бізді тастап аулақ қашады білем. Кей кезде адам уайымға салынып кетеді. Уайымдап денсаулықтан, бақыт берекеден, жан тыныштығынан т.б. айрылып жатады. Өткен өмірін ойға салып, егерде осылай істегенде басқаша боларма еді деп жаман ойға салады. Бәрі бұл өмірде Алланың қалауымен болады, ал «егерде» болса шайтаннан. Кейде келешекті ойлап сараптай келе, жаман ойға келеміз, күмәнге берілеміз. Шайтанның азғыруынан тек Алланы еске алу арқылы құтылуға болады деп ойлаймын. Жаратушы Алланы жүрегінде сақтасан, Ол сені сақтайды. Сондықтан осы сәтпен өмір сүруге тырысайық, Жаратушының жәр- демімен.
Намаз
Алғаш рет ораза ұстағаннан кейін, егер мен мұсылман болсам атыма сай болуым тиіс. Намаз парыз болса, на- маз оқуым керек деп ойға келдім. Əрине бәрі Алланың қалауымен. Кезекшілікке намаз оқыған құрдасымен бір- ге түстім. Ол мені «Намаз оқып үйренейік» деген кітапша- ны оқып жатқанын көріп, маған бағыт бағдар берді. Қай аяттарды, дұғаларды жаттау қажет екенін және ескерту айтты: «сені шайтан бұл жолда тосады және барын- ша саған кедергі жасайды» -деді. Алланың қолдауымен үйде намаз оқи бастадым. Жұмыста оқымадым, өйткені кезекшілікте бұл басшылықпен дұрыс қабылданбайды ғой деп. Күндердің бір күні аудандық бекеттерге түсе бастадым. Онда мен бір әріптесім жұмыста намаз оқып жүргенін байқадым. Басында бұны дұрыс көрмедім, – кейін ілесіп кеттім. Əрине жұмыста менде таза, намазға бейімделген орын болуы кейде екі талай, сондықтан кей кезде отырып оқимын. Бәлкім менікі дұрыс емес шығар, ол тек бір Аллаға мәлім. Мен тек Алланың күнә- хар бір пендесімін, күнәләрінің кешірілуін үміт еткен. Намаз қаншалықты маңызды? – деп сұрақ қойса. Бәл- кім мен былай жауап берер ме едім. Намазда бірінші орында Жаратушыды еске аласын, бұл сәтте адам жан тыныштығына қол жетуі мүмкін. Екінші бәріміз күнәһар пендеміз әр сәтте күнә жасаушымыз. Осы күнәләріміз үшін намаз кешірім сұрау мүмкіндігін береді. Үшінші әр- дайым біз бір нәрсеге мұқтажбыз. Намазда Жаратушыға дұға ете отырып, мұқтаж нәрсені сұрап, соған кейін қо- лымыз жеткізуіміз мүмкін. Алланың қалауымен.
Сенім
Бір күні, Мейрам аға біздің үйге қонаққа келді. Шәй ішіп отырып, әңгіме құрдық. Ол кісі және әйелі жүйке жүйесіне байланысты мүгедектер қатарында. Соған байланысты зейнетақы алады. Алланың қалауымен екі ұл баласы есі сау болып өседі. Біреуі жоғары оқу орнын бітіріп осы күні дәрігер қызметін атқарып жатыр. Екін- шісіде коледж бітіріп, әскери борышын өтеп, осы күні қызмет істеп жүр. Шының айтқанда әңгіме барысында көп әңгімесіне мән бермедім. Бірақ ол кісінің бір әңгімесі есімде қалып қойды. Алланың қалауымен. Баласы бір күні әкесіне: «Алла, Алла дейсің, Алла саған не берді? – деп сұрақ қойған. Сол кезде Мейрам аға: «Алла маған сендерді берді!» деген екен. Мен бұл сөздеріне ойла- нып қалдым. Кейін Мейрам ағаның орнына өзімді қойып көрдім. Алайда мен дәл солай жауап бере алмайтыным- ды түсіндім. Қаншалықты бес уақыт намаз оқысамда, қаншалықты ораза ұстасамда, қаншалықты Құран аят- тарды хадистерді оқысамда менде жүрегімде, ондай иман, Құдайға деген сенім жоқ екен. Біз өзімізді біре- уден артық көріп, тәкаппарлық танытамыз. Осылайша Ібліске ілесіп кетеміз. Кейде кейбіреуміз бір-бірімізді сен Құдайға сенбейсін «кәпір» деуге дейін барамыз. Бірақ бұған біздің ешқандай хақымыз жоқ. Біз қандай болсын адамның жүрегінде не бар екенін қайдан білеміз? Əр адамның жүрегінде не бар екенін бір Жаратушы Алла ғана біледі. Мүмкін ол адам Құдайға бізден артық се- нетін шығар.
Түс
Анам көпке дейін бала сүйе алмады. Мен дүниеге ке- лер алдында, нағашы әжем анам жатқан перзентханаға хат жазып жібереді. «Түсімде шатырды ашқанда бүркіт- ті ұстадым. Сенің ішінді жарып алады, ұл бала туасын атын Бүркіт деп атап қой» -деген екен. 21.01.1988 жылы мен дүниеге келдім. Атымды Бүркіт деп атап қойды. Тү- сте бізге Алла Тағала кейбір жайлар туралы хабар бе- реді деп ойлаймын. Бәлкім Алла Тағала менің атымды Бүркіт болуын қалаған шығар. Бәрі Алланың қалауымен. Ол күн жұма еді. Түнде түсімде ескі үйде өрте қаза тапқан сыныптасымды көрдім. Ол өрт сөндіруші бо- лып қызмет еткен еді. Өз қызметін атқарып, қаза тапты. Түсімде қараңғы бөлменін шамын жағуға тырыстым. Алайда шеткі бөлменін шамы жанды. Сыныптасымның қара келбетте көрдім. «Алтынбек не болды?» -дедім. Ол маған: «Жағдай қиындап кетті.» -деді. Оянып кеттім. Сол күні кезекшілікке жұмысқа бардым. Жұмыста сыныпта- старыма Алтынбекті түсінде көргенімді, кімде-кім бүгін мешітке барса марқұмға құран бағыштауын өтіндім. Көп ұзамай одан бір не екі күннен кейін мен бұрын тұрған жерде күрт ауа райы суып, жан-жақты бәрін мұз басты. Бұндай жағдайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Оның соны көптеген апаттармен ұласуда. Жағдай шы- нымен қиындап кетті. Бәлкім Алла Тағала бізге Алтын- бек кейпінде бір періштені ескерту үшін жіберген шығар. Өйткені Жаратушы түс арқылы пенделерін ескертеді. Бізге ескертушілерді жіберуші Аллаға мыңда бір алғыс шүкіршіліктер болғай. Бізге дүниені қойып, жанымызды